1. "Шаруашылық серiктестерiнде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттік пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 P990882_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсін:
1-тармақта: 1) 1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамын айқындау және оның мүшелерінің өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;"; 2) мынадай мазмұндағы 1- 1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) заңдардың талаптарын ескере отырып акционерлiк қоғамдардың бiрінші басшыларын (басқармаларының төрағаларын) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Орынбекова Д. Кобдалиева Н.