"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 906

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

     3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi түрi және жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiркелкiлiк, техникалық және құндылық сипаттарын, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзуге байланысты өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2007.01.29.   N 64   қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi";
      реттiк нөмiрi 393-407-жолдардағы "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiк" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 407-1-жолмен толықтырылсын:
      "407-1 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 
             Тiркеу қызметi комитетiнiң 
             Ақмола облысы бойынша 
             жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталығы"
             республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
            (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)        Көкшетау қаласы"

      2) "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы N 1181  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 44, 387-құжат): 
      1-тармақтағы "Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Тiркеу қызметi комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі