Көкшетау өртке қарсы және апаттан құтқару жұмыстары жоғары училищесін қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 маусым N 903

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Көкшетау өртке қарсы және апаттан құтқару жоғары училищесі" мекемесі "Көкшетау техникалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі -Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік білім беру ұйымы ретінде Кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны өрттен және әскери құтқарушылар мамандықтары бойынша мамандар даярлау болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Заңдардың талаптарын ескере отырып:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
      2) Кәсіпорынды әділет орындарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесіндегі "Қазақстан Республикасының Төтенше

жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік

нөмірі 109-6-жолмен толықтырылсын:

     "109-6. "Көкшетау техникалық

             институты" республикалық

             мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  Көкшетау қаласы"


     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.