Шаруашылық серiктестiктерiнде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 маусым N 882

Қолданыстағы
      Мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Министрліктер мен агенттіктер шаруашылық серіктестіктерінде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және мемлекеттік қатысудың үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыру кезінде: <*>
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiң қатысуымен акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - қоғам) жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мына мәселелер:
      акционерлiк қоғамның үлгiсiн өзгерту;
      қоғамды ерiктi қайта ұйымдастыру және тарату;
      жарияланған жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
      таза кiрiстi қайта бөлудiң тәртiбi;
      қоғамға тиесілi барлық активтердiң жиырма бес және одан көп процентiн құрайтын сомада активтердiң бөлiгін немесе бiрнеше бөлiгiн беру жолымен қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның мiндеттемелерiн қоғамның меншiк капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан көп процентiн құрайтын сомаға арттыру туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның жарғысына сәйкес iрi мәмiлелердi бекiту жөнiндегi күн тәртiбiнiң мазмұны мен шешiмдердiң жобаларын алдын ала жазбаша келiссiн;
      қоғамның директорлар кеңесiн сайлау, оның сандық құрамын айқындау және оның мүшелерінің өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату. <*>
      1-1) заңдардың талаптарын ескере отырып акционерлiк қоғамдардың бiрінші басшыларын (басқармаларының төрағаларын) сайлау және олардың өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн. <*>
      2) Комитет өкiлдерiнiң мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен акционерлiк қоғамдардың, сондай-ақ мемлекет акцияларының бақылау пакеттерiне ие акционерлiк қоғамдардағы директорлар қеңестерiнiң, тексеру комиссияларының құрамына кiруiн қамтамасыз етсiн.
      3) Комитеттiң өкiлдерiн осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілмеген акционерлiк қоғамдар директорлар кеңестерiнiң, тексеру комиссияларының құрамына енгiзу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
      4) мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестерiне қатысушылардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мына мәселелер:
      шаруашылық серiктестiгiнiң атқарушы органын құру және оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмдi басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және мұндай берулердiң шарттарын айқындау;

     байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiнi) сайлау 
және оның өкiлеттiгін мезгiлiнен бұрын тоқтату;
     шаруашылық серiктестiгiн қайта ұйымдастыру немесе тарату;
     шаруашылық серiктестiгiнiң бүкiл мүлкiнiң кепiлi туралы шешiм;
     қатысушыдан үлестердi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм;
     таза кiрiстi бөлу жөнiндегi күн тәртiбiнiң мазмұны мен 
шешiмдердiң жобаларын жазбаша келiссiн;
     4-1) қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
     
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.30. N 908      
              қаулысымен.  

P990908_

 
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің           
              2000.02.07. N 177 қаулысымен.  

P000177_

 

     2. Комитет шарушылық серiктестiктерiндегi акциялардың мемлекеттiк 
пакеттерi мен қатысудың мемлекеттiк үлестерiн сенiмдi басқаруға берудi 
және сатуды салалық министрлiктер (өзге де мемлекеттік органдар) 
өкiлдерiнiң тiкелей қатысуы кезiнде жүзеге асырсын. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.07. N 177           
              қаулысымен.  

P000177_

 

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     


                                          Қазақстан Республикасы     

Үкіметінің 2000 жылғы 7 ақпандағы N 177 қаулысына қосымша <*>

                                          Қазақстан Республикасы     

Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысына қосымша


     ЕСКЕРТУ. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің                
              2000.02.07. N 177 қаулысымен.  

P000177_

 
     
     
          Министрліктер мен агенттіктердің Қазақстан Республикасы
          Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру  
                     комитетіне ақпарат беруінің
                             кестесі  
__________________________________________________________________________
  N !              Ақпарат                       !Беру мерзімдері
    !                                            !
__________________________________________________________________________ 
1. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жыл сайын, жиналыс өткі.
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) жалпы  зілгеннен кейін 5 күннің
   жиналыстарының шешімдері                       ішінде

2. Тексеру комиссияларының қорытындылары          жыл сайын, тексеру өткі. 
                                                  зілгеннен кейін 5 күннің
                                                  ішінде         
     
3. Аудит жүргізудің нәтижелері                    жыл сайын, аудит жүргі.
                                                  зілгеннен кейін 5 күн.
                                                  нің ішінде

4. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  өткізілуіне орай, жина.  
   тіктерінің) акционерлері (қатысушылары) ке.    лыс өткізілгеннен кейін  
   зектен тыс жалпы жиналыстарының шешімдері      5 күннің ішінде

5. Директорлар кеңесі отырысының шешімі           өткізілуіне орай, отыр.
                                                  ыстан кейін 7 күннің     
                                                  ішінде          
     
6. Соттың шешімі (айқындамасы) (олар болған жағ.  соттың шешімін (айқында.
   дайда)                                         масын) алғаннан кейін 3
                                                  күннің ішінде
     
7. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (мемле.    тоқсан сайын, келесі ай.
   кеттің қатысу үлесіне) дивидендтерді (табыс.   дың 5-күніне дейін
   ты) аудару туралы мәлімет     
     
8. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  шарттарға қол қойылған.
   тіктерінің) өздері жасайтын ірі мәмілелердің   нан кейін 5 күннің 
   барлық түрлері бойынша шарттардың көшірмелері  ішінде 
     
9. Акционерлік қоғамдардың (шаруашылық серіктес.  жарты жылдық, жыл аяқтал.
   тіктерінің) қаржы-шаруашылық қызметі туралы    ғаннан кейін 45 күннің
   жедел есептілік                                ішінде 
     
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.