"Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына сәйкес, елдің мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін мамандар даярлаудың деңгейін арттыру және ғылыми-техникалық әлеуетті шоғырландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Атырау мұнай және газ институты "Атырау мұнай және газ институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
1) республиканың мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандар, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
2) мұнай, газ және табиғи тұздар саласында ғылыми-зерттеу және технологиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынға қатысты уәкілеттік берілген мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзімде:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оны
әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-4-жолмен
толықтырылсын:
"470-4. "Атырау мұнай және газ Атырау
институты республикалық мемлекеттік қаласы".
қазыналық кәсіпорны
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.
Нарбаев Е.