1. Мемлекеттің меншігіне қаратылған тауарларды, көлік құралдарын және өзге де заттарды сатудан түсетін қаражат, оларды "Жібек жолы" өткізу пунктінің құрылысына және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға пайдалану үшін, кейін оларды заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеттің шотына мақсатты бағыттау арқылы республикалық бюджетке есептеледі деп белгілесін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті белгіленген тәртіппен он күндік мерзімде, сатуға жатпайтын не сатылмаған тауарлар, көлік құралдары және өзге де заттар кейін оларды "Жібек жолы" өткізу пунктінің құрылысы кезінде және кеден органдарының басқа да объектілерін материалдық-техникалық дамытуға мақсатты пайдалану үшін Қазақстан Республикасының кеден органдары берілетіндігін көздеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің
меншігіне қаратылған және сатуға жатпайтын тауарлардың, көлік құралдарының және өзге де заттардың тізбесі туралы" қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.