Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 маусым N 846. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 411 қаулысымен. ~P010411

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар

жөніндегі комитеті туралы ереже;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Авторлық құқықтар 
жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін;
     2. "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда 
министрлігі Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 310  

P980310_

  
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 11, 85-құжат) 
күші жойылды деп танылсын. 
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     


                                          Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 846 қаулысымен бекітілген


              Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық
                       құқықтар жөніндегі комитеті туралы
                                   ереже

                              1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құзыретінің шектерінде арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары бар.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Комитеттің, егер ол заңдарға сәйкес бұған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдармен белгіленген тәртіпте Республика аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 480091, Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 65/69.
      7. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
     8. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
     9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттің 
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
     Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау 
нысанасына кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге тыйым 
салынады.         
     Егер Комитетке заң актілерімен  кіріс әкелетін қызметті жүзеге 
асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен түскен кірістер республикалық 
бюджеттің кірісіне аударылады.
     
       2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
     
     10. Комитеттің негізгі міндеттері:
     1) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың 
қызметін бақылауды жүзеге асыру;


      2) шет елдерде ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын, орындауларды, қойылымдарды, фонограммаларды және хабарларды пайдалану кезінде қазақстандық және шетелдік авторлардың және сабақтас құқықтарды иеленушілердің, олардың құқықтық мирасқорларының авторлық және сабақтас құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      3) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
      4) өзге де мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
      11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың нормаларын сақтауына және авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің орындалуына байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;
      2) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылау;
      3) ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;
      4) авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласында заңдардың қолданылу практикасын қорытады;
      5) авторлық құқық мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысады;
      6) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылар арасында жасалған, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне лицензиялық шарттарды тіркейді және тиісті үлгідегі мемлекеттік тіркеу куәліктерін береді;
      7) авторлық және сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттарды дайындауға қатысады;
      8) азаматтар мен ұйымдарға авторлық құқық пен сабақтас құқықтар мәселелері бойынша консультация береді;
      9) ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қолжазбаларын сақтауға қабылдайды;
      10) авторлық құқықты, оның атына құқығын және атағын қорғауға құқықты сақтау, сондай-ақ автор қайтыс болғаннан кейін және оның мирасқорлары болмаған жағдайда, оның жеке мүліктік емес құқықтарын қорғау;
      11) фонограмманы шығарушының және орындаушының келісімінсіз коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы пайдалану үшін, сондай-ақ автордың келісімінсіз жеке мақсатта шығармаларды қайта шығарған жағдайларда сыйақының мөлшерін және оны төлеу шарттарын белгілейді;
      12) Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдардың жетілдірілуін қамтамасыз етеді, шығармаларды пайдалануға деген құқықтарын экспорты мен импортын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      12. Комитеттің заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
      2) авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыруға;
      3) авторлық және сабақтас құқықтарды өзара қорғау туралы халықаралық келісімдер мен шарттарды дайындауға қатысуға;
      4) авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелері жөніндегі халықаралық конференциялар мен кеңестерде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге және олардың жұмысына қатысуға;
      5) авторлық құқық пен сабақтас құқықтарға жататын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысуға;
      6) шетелдік авторлық-құқықтық ұйымдармен келісімдер жасасуға;
      7) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың объектілерін пайдалану фактілері туралы ақпаратты, сондай-ақ ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметі туралы ақпаратты сұрауға және алуға;
      8) авторлық құқық және аралас құқықтар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар, контракт өнімдерінің үлгілерін алу туралы хаттамалар жасауға, кейіннен осы хаттамаларды қылмыстық іс қозғау үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарына беруге;
      9) орталық және жергілікті атқарушы органдарға олардың қабылдаған

авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы заңдарды бұзатын 
актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
     10) сотқа талап-арыз беруге, оларды қарауға қатысуға, сондай-ақ 
үшінші тұлғалардың талап-арыздарын қолдауға;
     11) авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қамтамасыз ету 
мәселелеріне арналған кітаптар, бюллетеньдер, әдістемелік оқу 
құралдарын, жарнамалық және ақпараттық материалдар шығаруға;
     12) Комитетке жүктелген міндеттерді орындау үшін меншік 
нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;
     13) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де 
құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     
                       3. Комитеттің мүлкі
     
     13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     Комитеттің мүлкі республикалық меншікке жатады.
     14. Комитет өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға 
немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
     Заңдармен белгіленген жағдайларда және шектерде Комитетке мүлікке 
билік ету құқығы берілуі мүмкін.
     
                  4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
     
     15. Комитетті төраға басқарады.


      Комитет төрағасын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Комитет төрағасының оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      16. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.
      17. Комитет төрағасы осы мақсатта:
      1) Комитет төрағасының орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа да қазақстандық

және шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты Комитеттің 
атынан өкілдік етеді; 
     7) Комитеттің атынан келісімдер, шарттар және өзге де мәмілелер 
жасайды;                        
     8) заңдарға сәйкес Комитеттің атынан заңды және жеке тұлғаларға 
наразылықтар мен талап-арыздар қою туралы шешімдер қабылдайды;
     9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады;            
     18. Комитетте төрағаның жанынан консультациялық-кеңесуші орган - 
Комитеттің алқасы құрылады.
     Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрі 
бекітеді.                     
     Алқаның жеке құрамы мен ол туралы ереже Төрағаның бұйрығымен 
бекітіледі.                 
     
           5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     


                                          Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 846 қаулысымен бекітілген


              Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық

                       құқықтар жөніндегі комитетінің
                                  Құрылымы
     Басшылық
     Интеллектуалдық меншік объектілерін пайдалану кезінде Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік саясатын қамтамасыз ету жөніндегі және 
аймақтармен жұмыс жөніндегі бөлім
     Ұйымдардың қызметін үйлестіру және шығармаларды сақтауға беру бөлімі
     Авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына бақылау жасау бөлімі
     Ішкі қызметті қамтамасыз ету бөлімі
     
     
     
      Оқығандар:
        Омарбекова А.
        Нарбаев Е.