Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы қаржыларының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылға 24 маусым N 844

Қолданыстағы
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жинақтаушы зейнетақы қаржыларын тұрақты бағалаудың тәртібі туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 
     жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы қаржыларын тұрақты 
бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсету жөнінде шаралар 
қабылдасын; 
    өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
    
    Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.