Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 маусым N 842

Қолданыстағы

     "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 
17 желтоқсандағы  

Z980321_

  Заңының 80-бабына сәйкес Қазақстан 
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған адамдардың бала асырап алуына, оны 
қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың 
тізбесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                     Қазақстан Республикасы
                                     Үкіметінің
                                     1999 жылғы 24 маусымдағы
                                     N 842 қаулысымен
                                           бекітілген
                   
        Адамдардың бала асырап алуына, оны қамқоршылыққа
     (қорғаншылыққа), патронатқа алуына болмайтын аурулардың
                       тізбесі
     


      1. Адамның иммундық тапшылығын жұқтырудан алған синдромы (СПИД) және адамның иммуна тапшылығы вирусымен ауруы (ВИЧ).
      2. Психикалық аурулар.
      3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.
      4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалылығы, бактерия бөлуі алғаш рет анықталған) абацилирлеуге дейін).
      5. Негізінен жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез,

емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).
     6. Алапес.
     7. Біріктіруші ткандердің бүлінуінің ауыр сырқаттары (жүйелі 
қызыл жегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит).
     8. Ороговения бұзылатын ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр түрлері, 
ихтиозоформды эритродермия, артропатикалық псориаз).
     9. Ауыр созылмалы буллезді дерматоздар (акантолитикалық көпіршік, 
пемфигоид, терінің ихтиозоформды зақымдануы, буллезды эпидермолиз).
     10. І, ІІ топтарға мүгедектік (қамқоршылық және қорғаншылық 
комиссияларының шешімі бойынша, дербес).
     
     

     Оқығандар:
         Омарбекова А.
         Қасымбеков Б.