"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 маусым N 803

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:
      1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 P981271_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын;
      аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге

жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен:
     реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;
     2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 
келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499  

P990499_

  қаулысында:
     аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, 
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың 
тізбесінде:
     реттік нөмірі 20-жол алынып тасталсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
         Омарбекова А.
         Қасымбеков Б.