Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 маусым N 793

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының өзін-өзі қаржыландыруды және мүлкін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қараөткел" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган етіп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
      3. Уәкілетті органға заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекіту және оны әділет органдарына тіркеуді

 

қамтамасыз ету;

     2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

     4. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 466-1 жолмен

толықтырылсын:

"466-1 Қазақстан Республикасының

       Президенті Іс Басқармасының

       "Қараөткел" республикалық мемлекеттік

       кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

       құқығында)                                 Астана қаласы".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



        Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Қасымбеков Б.