1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1790 P971790_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 56, 509-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі мен Тергеу департаментiнiң штат санын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі N 373 P980373_ қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелер үшін құқықтарды, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу аясында басшылықты жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде заңдарға сәйкес есепшоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 21.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне бағытталады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері
10. Комитеттің негізгі міндеттері:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді қамтамасыз ету;
2) өз құзыретінің шегінде аумақтық әділет органдары мен Комитетке
ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерін ұйымдастыру; 3) құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізімін жүргізу; 4) жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері жөнінде бірыңғай әдіснамалық база жасау болып табылады. 3. Комитеттің функциялары 11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркейді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркейді;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен жасалатын мәмілелерді, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі қызметтерге басшылық жасайды және осы қызметтерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) аумақтық әділет органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептiк тіркеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді және әдіснамалық көмек көрсетеді;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығының, өз құзыретінің мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
5) аумақтық әділет органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері жөніндегі қызметіне, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу мәселелері жөніндегі қызметіне шағымдарды қарайды;
6) құқықтық кадастрды, заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік
тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізеді; 7) жылжымайтын мүлікті бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтерді лицензиялайды; 8) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 4. Комитеттің құқықтары 12. Комитет жүктелген міндеттеріне сәйкес Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуге; 2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асыруға; 3) Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығаруға; 4) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан қажетті ақпарат мен материалдарды сұратуға және алуға; 5) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға; 6) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 5. Комитеттің мүлкі 13. Комитеттің жедел басқару құқында республикалық меншікке жататын оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 14. Комиттеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше шеттетуге немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. 6. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
16. Комитеттің Төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
17. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
2) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін, Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлері мен оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Комитетте Төрағаның (төраға), оның орынбасары мен өзге де қызметкерлері құрамындағы консультативтік-кеңесші орган - Комитеттің алқасы құрылады. Комитет алқасының сандық және жеке құрамы мен ол туралы ережені Комитеттің Төрағасы бекітеді.
Комитеттің алқасы өзінің отырыстарында Комитет қызметінің негізгі мәселелерін қарайды, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және Комитетке ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының олардың қызмет мәселелері жөніндегі есептері мен ақпараттарын тыңдайды. 7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Құрылымы Басшылық Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу басқармасы Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасы Қаржылық және техникалық бақылау бөлімі Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі "Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорны "Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны <*> ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.06.30. N 906 қаулысымен. P990906_ Оқығандар: Омарбекова А. Қасымбеков Б.