1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 P990464_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кәсiпорынды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Жоғары оқу орындарында республикалық деңгейде кадрлар даярлау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын";
үшiншi абзацтың 10-тармағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн
"құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; аталған қаулының 1-қосымшасында: "Пірәлиев Серік Жайлауұлы" деген жолдағы "жауапты" деген сөз алынып тасталсын; аталған қаулының 2-қосымшасында: 3-тармақ "Комиссияның құрамын" деген сөздерден кейiн "жыл сайын" сөзiмен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Комиссияның өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоғары оқу орындарына кезектi оқу жылына студенттердi қабылдаудың аяқталған қорытындылары туралы есептi ұсынғаннан кейін тәмамдалады. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Омарбекова А. Орынбекова Д.