"Судьялар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әділет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының атын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 маусым N 752

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Судьялар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әділет қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Біліктілікті арттыру институты" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңдарда

 

белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың Тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

     Аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың

Тізбесінде:

     реттік нөмірі 392 жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "392. Қазақстан Республикасы

     Әділет министрлігінің Білікті-

     лікті арттыру институты" рес.

     публикалық мемлекеттік қазы.

     налық кәсіпорны"                             Алматы қаласы".

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


      Оқығандар:

         Омарбекова А.

         Орынбекова Д.