"Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 маусым N 744

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етеді:
      1. "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік мекемесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелерді қосу арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - Кәсіпорын)қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің Кәсіпорынға қатысты функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізі нысанасы мыналар болып айқындалсын:
      1) ғылыми әлеует туралы ақпаратты қоса алғанда, елдің ғылыми-техникалық саладағы ұлттық ақпарат ресурсын, қалыптастыру жұмыстарын үйлестіру және оған қатысу;
      2) ұжымдық және жеке абоненттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының отандық және әлеуметтік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету және осы негізде ақпараттық қызмет көрсетудің барлық спектрын ұсыну;
      3) ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
      4) ақпараттық қызметкерлерінің біліктілігі мен мамандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, ғылыми-техникалық насихат, аударма және баспа қызметі.
      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзімде заңда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
      2) әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шалаларды қабылдасын.
      5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

тізбесінің "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі"

бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-8-жолмен толықтырылсын:


  "470-8 "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық

         ақпарат ғылыми-зерттеу институты"

         шаруашылық жүргізу құқығындағы                  Алматы

         республикалық мемлекеттік кәсіпорны             қаласы".



 
       6. Кәсіпорынға 2-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат етілсін.
      7. "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа

 

технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық

ақпарат ғылыми-зерттеу институты етіп қайта құру туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі N 336 


P930336_



қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 173 құжат)

күші жойылды деп танылсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

                                              Үкіметінің

                                              1999 жылғы 14 маусымдағы

                                              N 744 қаулысына 1-қосымша



                Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің

                                 Тізбесі


     1. Ақмола облыстық салааралық                Астана қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     2. Ақтөбе облыстық салааралық                Ақтөбе қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     3. Атырау облыстық салааралық                Атырау қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     4. Шығыс Қазақстан облыстық салааралық       Өскемен қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     5. Жамбыл облыстық салааралық                Тараз қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     6. Жезқазған облыстық салааралық             Жезқазған қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     7. Батыс Қазақстан облыстық салааралық       Орал қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


     8. Қарағанды облыстық салааралық             Қарағанды қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 


     9. Қостанай облыстық салааралық              Қостанай қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    10. Көкшетау облыстық салааралық              Көкшетау қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 


    11. Қызылорда облыстық салааралық             Қызылорда қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    12. Павлодар облыстық салааралық              Павлодар қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    13. Солтүстік Қазақстан облыстық салааралық   Петропавл қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    14. Семей облыстық салааралық                 Семей қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    15. Оңтүстік Қазақстан облыстық салааралық    Шымкент қаласы

        ғылыми-техникалық ақпарат орталығы


    16. ҚазмемҒТАИ (Қазақ мемлекеттік ғылыми-     Ақтау қаласы

        техникалық ақпарат институтының) Ақтау

        бөлімшесі


                        __________________





                                              Қазақстан Республикасы

                                              Үкіметінің

                                              1999 жылғы 14 маусымдағы

                                              N 744 қаулысына 2-қосымша


         "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу

           институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

           мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы

                     еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының

                                    Тізбесі


    1. "Ақмола салааралық аумақтық                Астана қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    2. "Ақтау салааралық аумақтық                 Ақтау қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    3. "Ақтөбе салааралық аумақтық                Ақтөбе қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    4. "Атырау салааралық аумақтық                Атырау қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    5. "Шығыс Қазақстан салааралық аумақтық       Өскемен қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    6. "Жамбыл салааралық аумақтық                Тараз қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    7. "Жезқазған салааралық аумақтық             Жезқазған қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    8. "Батыс Қазақстан салааралық аумақтық       Орал қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


    9. "Қарағанды салааралық аумақтық             Қарағанды қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   10. "Қостанай салааралық аумақтық              Қостанай қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   11. "Көкшетау салааралық аумақтық              Көкшетау қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   12. "Қызылорда салааралық аумақтық             Қызылорда қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   13. "Павлодар салааралық аумақтық              Павлодар қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   14. "Солтүстік Қазақстан салааралық аумақтық   Петропавл қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   15. "Семей салааралық аумақтық                 Семей қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


   16. "Оңтүстік Қазақстан салааралық аумақтық    Шымкент қаласы

       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"

       еншілес мемлекеттік кәсіпорны


                      __________________



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.