Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құрылымды оңтайландыру және қызметті басқарудың тиiмдiлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды қосымшаға сәйкес бiрiктiру жолымен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорынның негiзгi қызмет аясы мыналар деп белгіленсiн:
1) стандарттаудың, метрология және сертификаттаудың аймақтық жүйелерiн әзiрлеуге қатысу;
2) техникалық жағдайларды сараптау;
3) өлшеу құралдарын тексеру, метрологиялық аттестациялау және сұрыптау;
4) сынақтар өткiзу;
5) өнiмдi, қызмет көрсетулердi, өндiрiстердi және сапа жүйелерiн сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
6) тауарлардың қайдан шыққанын сараптау және куәландыру;
7) сәйкестiк және сапа сертификаттарын беру.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн, Кәсiпорынның
тұратын жерi Астана қаласы деп белгiлеп, оның мемлекеттiк тiркелуiн
қамтамасыз етсiн;
2) Кәсiпорынның республика бойынша өз филиалдарының оңтайлы
желiсiн құруын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат):
аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың
тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 368-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"368 "Қазақстанның стандарттау,
метрология және
сертификаттау орталығы"
республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы".
реттiк нөмiрi 369-386 - жолдар алынып тасталсын;
2)
Ескерту. 2) тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.01.11. N 45
қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 маусымдағы N 743
қаулысына қосымша
Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі
1. "Ақмола стандарттау, метрология және Астана қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
2. "Алматы стандарттау, метрология және Алматы қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
3. "Арқалық стандарттау, метрология және Арқалық қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
4. "Ақтөбе стандарттау, метрология және Ақтөбе қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
5. "Атырау стандарттау, метрология және Атырау қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
6. "Шығыс Қазақстан стандарттау, метрология Өскемен қаласы
және сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
7. "Жамбыл стандарттау, метрология және Тараз қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
8. "Жезқазған стандарттау, метрология және Жезқазған қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
9. "Батыс Қазақстан стандарттау, метрология Орал қаласы
және сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
10. "Қарағанды стандарттау, метрология және Қарағанды қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
11. "Көкшетау стандарттау, метрология және Көкшетау қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
12. "Қызылорда стандарттау, метрология және Қызылорда қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
13. "Қостанай стандарттау, метрология және Қостанай қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
14. "Маңғыстау стандарттау, метрология және Ақтау қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
15. "Павлодар стандарттау, метрология және Павлодар қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
16. "Солтүстік Қазақстан стандарттау, метрология Петропавл қаласы
және сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
17. "Семей стандарттау, метрология және Семей қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
18. "Талдықорған стандарттау, метрология және Талдықорған қаласы
сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
19. "Оңтүстік Қазақстан стандарттау, метрология Шымкент қаласы
және сертификаттау орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.