1. "Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуі шектелген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 952 P950952_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 272-құжат, 1996 ж., N 42, 400-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Заңды тұлға - салық төлеушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдындағы берешегіне байланысты салық қызметі органдары билік етуі шектелген мүлікті сату жөнінде мамандандырылған ашық аукцион өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережеде:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аукцион өткiзудi ұйымдастырушы мүдделi салық қызметiнiң органдары (бұдан әрi - Сатушы) болып табылады. Аукционға Сатушының өкiлдерi мiндеттi түрде қатысуы тиiс және салық төлеушiнiң - билiк етуi шектелген мүлiк иесінiң өкілдерi де қатыса алады. Егер аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы хабардар етiлген салық төлеушi аукционға келмесе, онда саудаластық оның қатысуынсыз өткiзiледi. Бұл ретте хабардар ету деп басшыға немесе оның орнындағы адамға қол қойдырып табыс ету немесе салық төлеушi заңды тұлғаның билiк етуi шектелген мүлкiнiң тiзiмдеме актiсiнде салық төлеушiнiң көрсеткен заңды мекен-жайы бойынша арнайы хатпен аукционның өткiзiлетiн күнi, уақыты және орны туралы жазбаша хабарламаны жолдау ұғынылады.";
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Мамандандырылған аукционды өткiзушi) аукционды өткiзушi болып табылады.";
3) мәтiндегi "Сауданы ұйымдастырушы... қабылдайды" "Сауданы ұйымдастырушыға", "Сауданы ұйымдастырушы", "Сауданы ұйымдастырушының", "Сауданы ұйымдастырушы... даярлап", "Сауданы ұйымдастырушылармен", "Сауданы ұйымдастырушы... ұсынады, "Сауданы ұйымдастырушы... бередi" деген сөздер тиiсiнше "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... қабылдайды", "Мамандандырылған аукцион өткiзушiге", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi" "Мамандандырылған аукцион өткiзушiнiң", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... даярлап,", "Мамандандырылған аукцион өткiзушiлермен", "Мамандандырылған аукцион өткiзушi... ұсынады" "Мамандандырылған аукцион өткiзушi ... бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Салық қызметi органдарының аукционға қоятын билiк етуi шектелген мүлiктiң рыноктағы бағасын белгiлеу үшiн құрамына Сатушының, Мамандандырылған аукцион өткiзушiнiң өкiлдерi және аудитор (бағалаушы) кiретiн комиссия құрылады. Аудитордың көрсеткен қызметiне ақы төлеу Мамандандырылған аукцион өткiзушінің комиссиялық сыйақысы есебiнен жүзеге асырылады.
Комиссия салық комитетi төрағасының бұйрығымен құрылады.";
5) 8-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"тауарлар туралы қажеттi құжаттама" деген сөздерден кейiн "тiркелуге жататын мүлiк бойынша құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерiмен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мамандандырылған аукцион өткiзушi Сатушы тапсырған тiзiмдеме актiсi негiзiнде аукционға қатысушыларға сатылатын ақпараттық бюллетень жасайды.";
екiншi абзацтағы "рыноктағы құны" деген сөздерден кейiн ",бiрақ комиссия белгілегеннен кем емес" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Салық қызметi органдарының билiк етуi шектелген мүлiктiң
құрамына кiретiн бағалы қағаздарды сатудың тәртiбi мен шарттары бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен айқындалады."; 6) 9-тармақта "кемiнде 20 күн бұрын" деген сөздер "кемінде 10 күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 10-тармақта: үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Сатылатын мүлкінің жалпы құны көрсетіліп, аукционға қойылатын салық төлеуші - заңды тұлғаның атауы"; төртінші және жетінші абзацтар алынып тасталсын. 8) 12-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Комиссиондық сыйақының мөлшері Сатушы мен Мамандандырылған аукцион өткізушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады, ол сатылған мүлік құнының 10%-нен аспауға тиіс.". 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Омарбекова А. Қасымбеков Б.