Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы N 233 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 маусым N 733

Қолданыстағы
       Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
       1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 P981278_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат):
      осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерінде:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады";
      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы 
N 223  

P990223_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8,
63-құжат):
     аталған қаулыға 1-қосымшада:
     13-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен 
толықтырылсын:
     "мемлекеттік органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік 
құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру;
     заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өтпеген 
актілерге наразылық білдіруге прокуратура органдарына ұсыныстар енгізу".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
      Оқығандар:
         Омарбекова А.
         Орынбекова Д.