"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 маусым N 722

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" мемлекеттік мекемелері шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - Кәсіпорындар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы мыналар болып белгіленсін:
      суармалы жерлерде мониторинг инженерлік және топырақ-мелиоративтік іздестірулер мен зерттеулер жүргізу;
      суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін бағалау және оларды жақсарту мен тиімді пайдалану жөнінде ұсынымдар дайындау;
      ирригациялық-дренаждық жүйелердің жұмысын және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту аясында шаруашылық қызметін жүргізу.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

заңдарда белгіленген тәртіппен:
     1) Кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін;
     2) жарғы капиталдарын қалыптастырсын;
     3) олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

 
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) 
мынадай толықтырулар енгізілсін:
     жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық 
мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік 
нөмірлері 44-4 - 44-5-жолдармен, толықтырылсын:
     "44-4 "Қазақстан Республикасы
     Ауыл шаруашылығы министрлігінің
     Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-
     мелиоративтік экспедициясы"
     республикалық мемлекеттік
     кәсіпорны
     (шаруашылық жүргізу құқығында)            Шымкент қаласы"
     
     "44-5 "Қазақстан Республикасы
     Ауыл шаруашылығы министрлігінің
     Қызылорда гидрогеологиялық-
     мелиоративтік экспедициясы"
     республикалық мемлекеттік
     кәсіпорны
     (шаруашылық жүргізу құқығында)            Қызылорда қаласы"
     
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
     Оқығандар:
         Омарбекова А.
         Орынбекова Д.
     
     
"