Акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясының жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 маусым N 707

Қолданыстағы
      "Акционерлік қоғамдар туралы" Z980281_ Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектері, сондай- ақ мемлекеттік бюджет алдында кез келген басқа да берешегі бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару нысанасына сот органдарына өтініш жасауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады;
      мемлекеттік бюджет алдында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелердің шартында жүзеге асырылатын берешектері бар акционерлік қоғамдар акцияларының қосымша эмиссиясын шығару мақсатында сот органдарына өтініш жасайды деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бір ай

мерзімде осы қаулының 1-тармағында көзделген ережені әзірлеп, 
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
      Оқығандар:
            Омарбекова А.
            Нарбаев Е.