Халыққа көрсетiлетiн пошта қызметiн сақтау және сапалық деңгейін көтеру пошта байланысы саласына қаржылық-экономикалық тұрақтандыру мен техникалық жетiлдiрудегі дағдарысты жеңу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгiнiң жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрi - Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны) қосу жолымен:
1) 1-қосымшаға сәйкес Пошта байланысы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының еншiлес пошта байланысы мемлекеттiк кәсiпорындары;
2) "Республикалық арнайы байланыс торабы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына мынадай операцияларды жүргiзуге лицензия беру ұсынылсын:
1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;
2) касса операциялары: банкноттар мен монеттердi қабылдау, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау;
3) аударым операциялары: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) банкноттарды, монеттер мен құндылықтарды инкассациялау және жөнелту;
5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
6) шарттың (лизингтiң) қолданылу мерзiмi iшiнде жалға берушiнiң жалға берген мүлiкке толық меншiк құқығын сақтай отырып мүлкiн жалға беру.
3. Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру кезінде тартқан қаражат тек мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылады деп белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша), Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнымен бiрлесiп екi апта мерзiмде Республикалық пошта байланысы мемлекеттiк кәсiпорнының жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру кезiнде қаражатты мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру тетiгiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының, оның еншiлес мемлекеттiк кәсіпорындарының, олардың филиалдарының жалға алған ғимараттары мен үй-жайларын 2-қосымшаға сәйкес Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына заңдарда белгiленген тәртiппен беретін болсын.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің мына қаулыларына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Мемлекеттік поштасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Пошта байланысы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына айналдыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1521 P951521_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 450-құжат):
аталған қаулының қосымшасында:
реттiк нөмiрi 1-25, 27, 29-жолдар алынып тасталсын.
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылдың 13 қарашадағы N 1521 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 маусымдағы N 950 P970950_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 25, 229-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
8. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асырсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы
N 661 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік, коммуникациялар және туризм
министрлігі жанындағы Пошта байланысы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының қайта құруға жататын еншілес
мемлекеттік кәсіпорындары
1. Ақтөбе облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
2. Ақмола облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
3. Атырау облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
4. Шығыс Қазақстан облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
5. Жамбыл облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
6. Батыс Қазақстан облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
7. Қарағанды облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
8. Қызылорда облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
9. Қостанай облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
10. Маңғыстау облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
11. Павлодар облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
12. Солтүстік Қазақстан облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
13. Оңтүстік Қазақстан облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны
14. Алматы поштамты
15. Пошта тасымалдау орталығы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы
N 661 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм
министрлігі жанындағы Пошта байланысы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының,
филиалдарының мемлекеттік басқару органдарынан жалға
алатын ғимараттары мен үй-жайлары
________________________________________________________________________
|N| Еншілес мемлекеттік | Орналасқан жері | Жалға беруші |Алаңы,м2
| | кәсіпорындардың, | | |
| | филиалдарының атаулары | | |
|_|_________________________|__________________|_________________|_________
1. Ақмола облыстық пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-ОПБМК)
1. Байланыс бөлімшесі Заводской пос., Степногорск қала. 98
(бұдан әрі-ББ). Красноармейская сының әкімі
Степногорск зауыттық көшесі,
қалалық мемлекеттік әкімшілік ғимараты
пошта торабы (бұдан әрі-
ҚМПТ)
2. N7, ББ, Степногорск Степногорск қаласы Степногорск қала. 68
қаласы 3 ықшам ауданы, сының әкімі
қонақ үй ғимараты
3. Степногорск ҚМПТ-ның Кварцитка пос., Степногорск қала. 62,6
Ақсу-1 ББ Калинин көшесі, сының әкімі
әкімшілік ғимараты
4. N3 ББ Астана қ. Астана қаласының 186,4
Первомайская, 16 әкімі
5. N 5 ББ Астана қ. Астана қаласының 138,7
Алатау ықшам ауд.,8 әкімі
6. N 21 ББ Астана қ. Астана қаласының 148,5
Кенесары көш., әкімі
264 үй
7. N 28 ББ Астана қ. Абылайхан Астана қаласының 56,0
даң., 33/1 үй әкімі
8. N 33 ББ Астана қ. 2,4 Астана қаласының 116,2
ықшам ауд. әкімі
9. N 37 ББ Астана қ., Астана қаласының 124,0
Пушкин көш.,168 үй әкімі
10. N 40 ББ Астана қ. Астана қаласының 63,8
Молодежный ықшам әкімі
ауд., 21 үй
Барлығы 1062,2
2. Ақтөбе ОПБМК
11. N10 ББ Ақтөбе қ. Ақтөбе облыс әкімі 22
Әбілхайыр хан
даңғылы, 40 үй
Барлығы 22
3. Алматы поштамты
12. N2 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 359,9
Жібек жолы, 54 үй әкімі
13. N4 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 300,5
Жібек жолы, 81 үй әкімі
14. N8 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 478,9
Әуезов көш., 65 үй әкімі
15. N9 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 412,88
Гагарин көш., 41 үй әкімі
16. N11 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 302,4
Чехов көш., 20а үй әкімі
17. N12 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 152,4
Қабанбай батыр әкімі
көш., 42 үй
18. N13 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 121,9
Байсейтова әкімі
көш., 45 үй
19. N16 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 366,4
Райымбек әкімі
көш., 101 үй
20. N20 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 261,5
Достық даңғ., 276 әкімі
21. N21 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 209,9
Құрманғазы көш., әкімі
20 үй
22. N28 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 68,5
Земнухов көш.,19 үй әкімі
23. N31 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 316,8
Ақсай-2,11 үй әкімі
24. N35 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 511,48
11-ықшам ауданы, әкімі
27 үй
25. N36 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 256,4
10а-ықшам ауданы, әкімі
22а үй
26. N42 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 370
Таугүл-1, 59/60 үй әкімі
27. N43 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 180
Орбита-3,4 әкімі
28. N46 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 202,1
Сәтбаев көш.,78 үй әкімі
29. N50 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 104
Сейфуллин көш., әкімі
298 үй
30. N51 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 151
Достық, 91/1 әкімі
31. N57 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 533,7
Жандосов көш., әкімі
21 үй
32. N60 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 123,2
Өтепов көш,2 үй әкімі
33. N61 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 242,77
Райымбек, 383 үй әкімі
34. N62 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 290,1
2-ықшам аудан.52 әкімі
үй
35. N67 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 78,3
Қазақфильм әкімі
36. N72 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 78,8
Құрманғазы көш., әкімі
100 үй
37. N74 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 127,3
Монтажная көш., әкімі
31 үй
38. N77 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 98
Гоголь көш., 120 үй әкімі
39. N78 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 126
Әл-Фараби,71 әкімі
40. N79 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 150,2
Майлин көш., әкімі
67-үй
41. N82 ББ Алатау пос., Алматы қаласының 101,3
Космановтар әкімі
көш., 2 үй
42. N86 ББ Заря Востока пос. Алматы қаласының 160
әкімі
43. N90 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 91
Әл-Фараби, 65 үй әкімі
44. N95 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 123,8
әуежай әкімі
45. N96 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 145,6
Төле би көш., әкімі
150/2 үй
46. N97 ББ Красный трудовик Алматы қаласының 72
пос. әкімі
47. N99 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 234,3
Фурманов көш., әкімі
240 үй
48. N100 ББ Алматы қ., Алматы қаласының 538,5
Достық, 36 үй әкімі
49. Алматы поштамты Алматы қ., Алматы қаласының 123,6
11-ықшам әкімі
аудан, 14б үй
50. Алматы поштамты Алматы қ., Алматы қаласының 33,8
7 ықшам аудан,1 үй әкімі
Барлығы 8759,23
4. Шығыс Қазақстан ОПБМК
51. Семей ҚМПТ N1 ББ Семей қ., Қазақстан Республикасы 121
Тельман көш., 152а Қаржы министрлігінің
үй Шығыс Қазақстан облыстық
мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру аймақтық
комитеті
52. Семей ҚМПТ N6 ББ Семей қ., Қазақстан Республикасы 80,8
Крупская көш., 8 Қаржы министрлігінің
үй Шығыс Қазақстан облыстық
мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру аймақтық
комитеті
53. Семей ҚМПТ N33 ББ Семей қ., Қазақстан Республикасы 118
35 махалла Қаржы министрлігінің
Шығыс Қазақстан облыстық
мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру аймақтық
комитеті
54. Семей ҚМПТ N40 ББ Семей қ., Қазақстан Республикасы 58,3
Қаржабайұлы көш., Қаржы министрлігінің
320 үй Шығыс Қазақстан облыстық
мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру аймақтық
комитеті
Барлығы 378,1
5. Павлодар ОПБМК
55. N35 ББ Павлодар қ., Павлодар облысының 28,0
Қайырбаев көш., әкімі
32 үй
Барлығы 28,0
6. Солтүстік Қазақстан ОПБМК
56. N4 ББ Петропавл қ., ҚР Қаржы министрлігінің 90,4
Каманин көш., 74үй Солтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
аймақтық комитеті
57. N7 ББ Петропавл қ., ҚР Қаржы министрлігінің 87,7
Мұқанов көш., 52үй Солтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
аймақтық комитеті
58. N28 ББ Петропавл қ., ҚР Қаржы министрлігінің 00,7
Гоголь көш.,14үй Солтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
аймақтық комитеті
59. N23 ББ Петропавл қ., ҚР Қаржы министрлігінің 156
Мир көш., 205үй Солтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру
аймақтық комитеті
Барлығы 534,8
7. Оңтүстік Қазақстан ОМПБК
60. N42 ББ Шымкент қ., Шымкент қаласының әкімі 63
Желтоқсан көш.,22үй
61. N44 ББ Шымкент қ., Тельман поселкесінің 30
Тельман п. әкімі
1 Май көш., 130 үй
Барлығы 93
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.03. N 327
қаулысымен. P010327_