Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 мамыр N 651

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде:
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті"

деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы 
комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
     22-тармақтағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер 
"Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің"  деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі