"Кең дала" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 мамыр N 618

Қолданыстағы

     "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiндегi несиелiк келiсiмi шарттарының мiндеттемелерiн орындамауына байланысты, сондай-ақ оларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру және аталған заемға қызмет ету жөнiндегi республикалық бюджет шығыстарын төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақстан Эксимбанкi" және "Ақмола қоры" жабық акционерлiк қоғамдарымен "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiндегi АҚШ Эксимбанкiнiң несиелiк желiсi шеңберiнде "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының алған несиесi үшiн оның берешегі бойынша соңғысының талап ету құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қайта табыстау шартын жасассын;
      2) "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiндегi АҚШ Эксимбанкінiң несиелiк желiсi бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету үшiн 1996 жылғы 14 тамыздағы N 18/28/022-ДЗ-в, 1998 жылғы 7 мамырдағы N 2-18/ДЗ-в және 1999 жылғы 11 қаңтардағы N 25 кепiлдiк шарттары бойынша кепiлге берiлген 630 "Джон Дир" астық жинау комбайндарын қоса алғанда, "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының мүлкiн өндiрiп алсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.31. N 1088 қаулысымен. P991088_
      2.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.07.31. N 1088 қаулысымен. P991088_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлiк қоғамы "Джон Дир" астық жинау комбайндарын сатып алу жөнiңдегi АҚШ Эксимбанкiнiң несиелiк желiсi бойынша iндеттемелердi қамтамасыз етуге байланысты қарым-қатынастарды реттесiн.
      4.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.31. N 1088 қаулысымен. P991088_
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966 қаулысымен. P991966_
      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгінiң Салық полициясы комитетi "Кең дала" ашық акционерлiк қоғамының қызметiне үкiметтiк комиссия жүргiзген тексеру барысында ашылған жiберiлген тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша қажеттi iс-әрекет жүргiзсiн.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.07.31. N 1088 қаулысымен. P991088_
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.
      Омарбекова А.