Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 839 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 мамыр N 614

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың 
шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 
қыркүйектегі N 839  

P980839_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы:
     
     "Көшербаев Қырымбек       - Қазақстан Республикасының Білім,
     Елеуұлы                     мәдениет және денсаулық сақтау
                                 министрі, төрағаның орынбасары
     
     Бахмутова Елена           - Қазақстан Республикасы Қаржы
     Леонидовна                  министрлігінің Бюджеттік
                                 департаменті директорының
                                 орынбасары
     
     Нұрқиянов Төлеухан        - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Мұратханұлы                 шаруашылығы министрі" деген
     
    жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "Көшербаев Қырымбек       - Қазақстан Республикасының
     Елеуұлы                     Денсаулық сақтау, білім және
                                 спорт министрі, төраға
     
     Бахмутова Елена           - Қазақстан Республикасының
     Леонидовна                  Қаржы министрлігі Бюджеттік
                                 департаментінің директоры
     
     Нұрқиянов Төлеухан        - Қазақстан Республикасының
     Мұратханұлы                 Ауыл шаруашылығы бірінші
                                 вице-министрі - Мал дәрігерлік
                                 қадағалау комитетінің төрағасы";
     
     Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі республикалық үйлестіру 
кеңесінің құрамына мыналар  енгізілсін:
     
     Бейсенов Аманжол          - Қазақстан Республикасының Ішкі 
     Мұсайынұлы                  істер вице-министрі
     
     Үәйісов Мерей Құрманұлы   - Қазақстан Республикасының
                                 Әділет вице-министрі
     
     Дүрімбетов Еркін          - Қазақстан Республикасының Бас
     Ермекұлы                    мемлекеттік санитарлық дәрігері
     
     Жәнгереев Амангелді       - Қазақстан Республикасының
     Әбдірахманұлы               Туберкулез проблемалары ұлттық
                                 орталығының директоры, хатшысы;
     
    Балташ Молдабайұлы Тұрсынбаев, Нұрлан Алдабергенұлы Сәрсенбаев, 
Ерік Мұхамед-Хафизұлы Асқаров, Серік Тұрғынбеков көрсетілген құрамнан 
шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
 
 Оқығандар:
 Қобдалиева Н.   
 Омарбекова А.