Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 15 мамыр N 579

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" 1999 жылғы N 114 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі N 114 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі N 442 P990442_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бюджеттеріне қажетті өзгерістердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың кепілдік міндеттемелері бойынша берілетін соманың, сондай-ақ Еңбекшілдер, Зеренді және Щучинск аудандары және Көкшетау қаласы мемлекеттік мекемелерінің дебиторлық-кредиторлық берешегін беру шарттарының Келісу

 

актісі назарға алынсын.

     2. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан

Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 


P981334_
 

  қаулысына мынадай

өзгерістер енгізілсін:

     аталған қаулының 1-қосымшасында:

     "IV. Шығыстар" бөлімінде:

     15 функционалдық топтағы:

     111 Ақмола облысының әкімі жолындағы "3 266 134" деген сан "4 031

718" деген санмен ауыстырылсын;

     125 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жолындағы "3 815 267"

деген сан "3 049 683" деген санмен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.