"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 мамыр N 570

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың қызметін материалды-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру жөніндегі комитетімен бірлесе отырып Кәсіпорынның

жарғылық қорын қалыптастырсын;

     2) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны мемлекеттік тіркеуді

қамтамасыз етсін;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі, мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік қатар

482-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі

     482 "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

         министрлігінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық

         мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқында) Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы



Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.