Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдар туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 мамыр N 552

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мына мекемелер:
      1) Республикалық, облыстық және аймақтық мал дәрігерлігі лабораториялары қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын болып;
      2) Астана және Алматы қалаларының мал дәрігерлік қадағалау басқармалары мал дәрігерлік-санитарлық сараптама лабораторияларын бөлу және олардың базасында тиісінше Астана қаласының және Алматы қаласының "Қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес құрылатын кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы:
      1) жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына лабораториялық зерттеу жүргізу;
      2) заң актілерінде көзделген жағдайларда мал шаруашылығы өнімдері мен жануарлар тегінен жасалған шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізу болып белгіленсін.
      3. "Ветдез" шаруашылық жүргізу құқығындағы көлік құралдарын дезинфекциялау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын, оның қызметінің негізгі нысанасы болып:
      жануарлар мен құстардың карантиндік ауруларының ошақтарын жою, мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөліктерді қоса алғанда, мал дәрігерлігі қызметінің бақылауындағы жүктерді тасымалдау жүзеге асыратын көлік құралдарын дезинфекциялау жөніндегі жұмыстарды орындау болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулының 1 және 3-тармақтарына сәйкес құрылатын кәсіпорындарды (бұдан әрі - Кәсіпорындар) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. Атауы мен 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы
 
               Үкіметінің 1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорындардың жарғысын бекітсін және оларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) Кәсіпорындардың басшыларын тағайындасын және олармен келісімшарттар жасассын;
      3) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
               1999.09.24. N 1451 қаулысымен. P991451_
 
      6. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 482-503-реттік

нөмірлермен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал

дәрігерлік қадағалау комитеті


482  "Республикалық мал дәрігерлігі     Астана қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны(шаруашылық

     жүргізу құқығында)

483  "Ақмола мал дәрігерлігі            Астана қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

484  "Ақтөбе облыстық мал дәрігерлігі   Ақтөбе қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

485  "Алматы облыстық мал дәрігерлігі   Алматы қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

486  "Атырау облыстық мал дәрігерлігі   Атырау қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

487  "Шығыс Қазақстан облыстық мал      Өскемен қаласы

     дәрігерлігі лабораториясы"

     республикалық мемлекеттік

     кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

     құқығында)

488  "Жамбыл облыстық мал дәрігерлігі   Тараз қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

489  "Батыс Қазақстан облыстық мал      Орал қаласы

     дәрігерлігі лабораториясы"

     республикалық мемлекеттік

     кәсіпорны(шаруашылық жүргізу

     құқығында)

490  "Қарағанды облыстық мал дәрігерлігі Қарағанды қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

491  "Қостанай облыстық мал дәрігерлігі   Қостанай қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

492  "Қызылорда облыстық мал дәрігерлігі   Қызылорда қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

493  "Маңғыстау облыстық мал дәрігерлігі   Ақтау қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

494  "Павлодар облыстық мал дәрігерлігі    Павлодар қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

495  "Солтүстік Қазақстан облыстық мал     Петропавл қаласы

     дәрігерлігі лабораториясы"

     республикалық мемлекеттік

     кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

     құқығында)

496  "Оңтүстік Қазақстан облыстық мал      Шымкент қаласы

     дәрігерлігі лабораториясы"

     республикалық мемлекеттік

     кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

     құқығында)

497  "Ақмола облыстық мал дәрігерлігі      Көкшетау қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

498  "Семей қалалық мал дәрігерлігі        Семей қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

499  "Жезқазған қалалық мал дәрігерлігі    Жезқазған қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

500  "Арқалық қалалық мал дәрігерлігі      Арқалық қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

501  "Қалалық мал дәрігерлігі              Астана қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

502  "Қалалық мал дәрігерлігі              Алматы қаласы

     лабораториясы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығында)

503  "Ветдез республикалық мемлекеттік     Алматы қаласы

     кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

     құқығында)

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       міндетін атқарушы



                                          Қазақстан Республикасы



                                          Үкіметінің 1999 жылғы

                                          7 мамырдағы N 552 қаулысына

                                                            қосымша



 
 
            Құрылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың

 

                               Тізбесі


     1. Республикалық мал дәрігерлігі лабораториясы

     2. Ақмола мал дәрігерлігі лабораториясы

     3. Ақтөбе мал дәрігерлігі лабораториясы

     4. Алматы облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     5. Атырау облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     6. Шығыс Қазақстан облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     7. Жамбыл облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     8. Батыс Қазақстан облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     9. Қарағанды облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     10. Қостанай облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     11. Қызылорда облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     12. Маңғыстау облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     13. Павлодар облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     14. Солтүстік Қазақстан мал дәрігерлігі лабораториясы

     15. Оңтүстік Қазақстан мал дәрігерлігі лабораториясы    

     16. Ақмола облыстық мал дәрігерлігі лабораториясы

     17. Семей қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы

     18. Жезқазған қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы

     19. Арқалық қалалық мал дәрігерлігі лабораториясы


  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Омарбекова А.