1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитеті туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1789 P971789_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 56, 508-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 539 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ спорт пен дене тәрбиесі саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен.
P991093_
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiтедi. <*> ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_ 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, М.Әуезов көшесi, 126. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.08.02. N 1093 қаулысымен. P991093_
7. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау,
білім және спорт министрлігінің Спорт және дене тәрбиесі комитеті" мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тиым салынады. Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 10. Комитеттің негізгі міндеттері: 1) спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының спорт пен дене тәрбиесін дамыту, спорттық резервтер мен халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау;
3) спорт пен дене тәрбиесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
4) спорттық қозғалысты насихаттау, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде спорт саласында ақпараттық-жарнамалық және баспа ісін дамыту;
5) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасында және шетелдерде спорт ұйымдары үшін мамандар даярлауды ұйымдастыру, олардың біліктілігін арттыру;
6) спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар және спорт пен ойындардың Олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша кешенді іс-шаралар өткізу болып табылады;
11. Комитет Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік, ұлттық, перспективалық, ағымдағы және мақсатты бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен саланың өзекті проблемаларын іс-жүзінде шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасады;
3) спорт және дене тәрбиесі саласына, оның ішінде спорт өнімдерін өндіруді дамыту үшін инвестицияларды тарту жөнінде бірыңғай стратегия әзірлейді және іске асырады;
4) мүдделі ұйымдармен бірлесіп дене тәрбиесі және спорт саласында зерттеулер жүргізеді;
5) халықаралық, аймақаралық және ішкі спорттық байланыстарды жүзеге асырады;
6) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекші жаттықтырушылармен және спортшылармен келісім шарттар жасасады;
7) спорт ғимараттарын пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, спорт ұйымдарын жарақтандырудың нормативтерін және спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу процесін және жиындарды өткізу кезінде меншік нысандарына қарамастан барлық спорт объектілері мен ұйымдары басшыларының орындауы үшін міндетті техникалық қауіпсіздіктің ережелерін әзірлейді және бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі мәселелері жөніндегі заңдарын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді, саланың халықаралық және аймақаралық шарттарының, үкіметаралық келісімдердің жобаларын дайындауға және іске асыруға қатысады;
9) спорт тауарларының республикалық көрмесін дайындауды және өткізуді, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ақпараттық-жарнамалық және баспагерлік қызметті жүзеге асырады;
10) мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
11) басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыратын спорттық іс-шаралардың жоспарларын үйлестіреді, спорттық іс-шаралардың, жарыстардың бірыңғай күнтізбелік бағдарламасын әзірлейді;
12) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорттық іс-шаралардың, жарыстардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы спортшыларының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі, Еуропа, әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық және Азиялық ойындарға, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
14) мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп спорттық резервті дайындау жөніндегі жұмысты жүргізеді, спорт клубтары, мектептері, ғимараттары, олимпиадалық даярлау орталықтары жүйесін дамытуды, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процестерін және допинг-бақылауды ұйымдастыруды үйлестіреді;
15) спорт пен дене тәрбиесінің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдайды және қорытынды материалдарды мемлекеттік статистика органына ұсынады.
16) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитеттің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
2) спорт пен дене тәрбиесінің мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің, саланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
3) кадрларды даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың бағдарламаларын бекітуге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерін және спорт пен дене тәрбиесі жөніндегі мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша спорттық іс-шараларға қатысушыларды мемлекеттік материалдық қамтамасыз етудің нормативтерін бекітуге;
5) халықаралық, республикалық және аймақаралық жарыстар мен жиындар өткізуге;
6) спорттық жарыстар мен жиындарды өткізудің, спорт түрлері бойынша спорттық жіктеудің тәртібін, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды және спорттық жарыстар мен жиындар өткізу жөніндегі жұмыстарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітуге;
7) республикалық спорт іс-шараларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спорт ұйымдарының қызметкерлеріне спорттық және құрметті атақтар беру, оларды медальдармен, белгілермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына спорттық санаттар беру мәселелерін шешуге;
8) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз міндетін орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
15. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен оған билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Қызметін ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
17. Төраға Комитеттің жұмысына басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Комитеттің қызметкерлерін, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды, өз құзыретінің шегінде
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді; 5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Комитетте Төрағаның, Төрағаның орынбасарларының, бөлім бастықтарының құрамында алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге адамдар кіре алады. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрі, ал жеке құрамын Комитеттің төрағасы белгілейді. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 539 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің құрылымы Басшылық Спорт бөлімі Дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары бөлімі Мемлекеттік тапсырыс бөлімі Бұқаралық-ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы N 539 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың Тізбесі 1. Республикалық спорттың бұқаралық түрлерінен жоғары спорттық шеберлік мектебі. 2. Спорттың ойындық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі. 3. Республикалық спорттың қолданбалы түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебі. 4. Су спортының түрлері бойынша олимпиядалық резерв республикалық балалар және жасөспірімдер мектебі. 5. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат. 6. Кәркен Ахметов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат 7. Республикалық спорт колледжі. 8. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы. 9. "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешені. 10. Биік таудағы "Медеу" спорт кешені 11. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы. 12. "Достық" оқу-спорттық кешені. 13. "Бутаковка" оқу-спорттық базасы. 14. Орталық жүзу бассейні. 15. "Қазспортқамтамасыз ету" басқармасы. 16. Штаттық ұлттық командалар дирекциясы. 17. Спорт резервтерін даярлау жөніндегі республикалық оқу-жаттығу орталығы. 18. Республикалық спортшылардың допингке қарсы лабораториясы. 19. "SPORT & KS" газетiнiң редакциясы. <*> ЕСКЕРТУ. 19-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1264 қаулысымен. P991264_ Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.