"Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесін "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 488

Жаңартылған

      "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң "Экономикалық зерттеулер институты" мемлекеттiк мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.30. N 1817
қаулысымен .
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837
қаулысымен . ("Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынына қатысты 2002 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданады).

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында тiркесiн.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі";
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 105-1-жолмен толықтырылсын:
     "105-1. Экономикалық зерттеулер
     институты" республикалық мемлекеттік
     кәсіпорны (шаруашылық жүргізу
     құқығында)                                     Алматы қаласы";
     2) <*>
     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің
1999.05.27. N 657 қаулысымен .  

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі