"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 487.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына  сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген сұраныстарын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі " Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын: 

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген орган, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен есебін жүргізу және оның деректерінің базасын қалыптастыру болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзімде Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, оның жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік  кәсіпорындардың тізбесінде "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106-2-жолмен толықтырылсын:
     "106-2. Қазақстан Республикасы Әділет
             министрлігінің "Республикалық құқықтық
             ақпарат орталығы" шаруашылық
             жүргізу құқығындағы республикалық
             мемлекеттік кәсіпорны                 Астана қаласы"

      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1120  қаулысымен. 

      6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Республикалық құқықтық ақпарат орталығына құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етуге 1999 жылға бөлінген республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен олардың есебін жүргізуге және мемлекеттік және орыс тілдерінде оның деректерінің базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастырсын. 
      заңдарда белгіленген тәртіппен Үкіметтің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін, сондай-ақ Әділет министрлігінің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі