1. Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан әкелінетін цементтің импортына, арнайы маркалы цементтi қоспағанда 1999 жылдың екінші және үшінші тоқсандарына 30 мың тонна мөлшерінде квота белгіленсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.07. N 1111
қаулысымен. P991111_
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес импорттаушылардың өтініштерінің негізінде цементтің импортына квота бөлуді және лицензия беруді жүзеге асырсын.
2-1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң бiрлескен бұйрығымен айқындалатын, арнайы маркалы цемент ретiнде, Қырғыз Республикасынан портландцементтi, глиноземдi, шлакты, суперсульфатты және соған ұқсас гидравликалық боялған немесе боялмаған, даяр немесе клинкерлер нысанындағы цементті (ТМД СЭҚ ТН коды 2523) импорттау сандық шектеулерсiз 1999 жылғы ІІІ тоқсанның аяғына дейін жүзеге асырылады деп белгiленсiн. <*>
2-2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңдарда белгіленген тәртіппен 2-1-тармақта көрсетiлген цементтi импорттауға тиiстi лицензиялар берудi қамтамасыз етсiн және берiлген лицензиялардың тiзiлiмiн он күн сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнің Кеден комитетiне ұсынып отырсын. <*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.08.07. N 1111 қаулысымен. P991111_
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті жүктік кеден декларацияларының негізінде Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасына әкелінген цементтің мөлшері туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне ай сайын ақпарат ұсынатын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы
қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша шектеулердің енгізілгені туралы белгіленген тәртіппен Қырғыз Республикасының Үкіметіне хабарласын. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.