"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 479

Жаңартылған

      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 
      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын. 
      Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері: 
      статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату; 
      статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
      маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.
      3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
     реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын:
     мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдармен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі:
     480 Қазақстан Республикасы    Алматы қаласы;
     Статистика жөніндегі
     агенттігінің Ақпараттық-
     есептеу орталығы (шаруашылық
     жүргізу құқығында), 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N  1460 қаулысымен.

          4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.12.31. N  1460 қаулысымен.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі