1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы" - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын.
Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік
нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.
3. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
P960790_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)
мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдармен
толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі:
480 Қазақстан Республикасы Алматы қаласы;
Статистика жөніндегі
агенттігінің Ақпараттық-
есептеу орталығы (шаруашылық
жүргізу құқығында),
481 Қазақстан Республикасы
Статистика жөніндегі
агенттігінің Ақпараттық-баспа
орталығы - Қазстатақпарат
жергілікті жерлердегі
филиалдарымен
(шаруашылық жүргізу
құқығында) Алматы қаласы".
4. "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 наурыздағы N 325 P990325_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің
қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің
Ақпараттық-баспа орталығы - "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.