Ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 сәуір N 472

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4253 Жарлығымен бекітілген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көзделген бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандарты бекітілсін.
      2. Облыстардың әкімдері белгіленген тәртіппен:
      ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартын іске асыруды қамтамасыз етсін;
      1999 жылдың 1 қазанына дейін мерзімде жұмыс істеп тұрған фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттерді ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың ең төменгі мемлекеттік стандартымен белгіленген нормативке жеткізу арқылы төлқұжаттандыруды жүргізсін.
      3. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында облыстардың әкімдеріне аудан әкімдері аппараттарының құрылымында денсаулық сақтау бөлімдерін көздеу ұсынылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                         Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 472 қаулысымен бекітілген


                 Ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың
                   ең төменгі мемлекеттік стандарты

      Ауылдық жерде денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясы мен кепілдік берілген медициналық көмектің тегін көлемін қамтамасыз етуі тиіс және бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қол жетімді болуын және ауыл тұрғындарына амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатын негізге ала отырып халықтың орналасу сипатына қарамастан жүзеге асырылуы тиіс.
      Осыған байланысты тұрғындарының саны мынадай әрбір елді мекенде:
      50-300 адамға - жеке үй-жай ұстамастан медициналық көмек көрсете алатын 1 медицина қызметкері болуы тиіс;
      300-800 адамға - пациенттерді қабылдау және медициналық көмек көрсету ең аз медициналық және шаруашылық керек-жарақтарымен арнайы бөлінген үй-жайда көрсетілуі тиіс фельдшерлік пункт (бұдан әрі -ФП) болуы керек;
      800-2000 адамға - фельдшерлік-акушерлік пункт (бұдан әрі-ФАП) болуы тиіс. Шұғыл және жедел медициналық қызметкерлерін көлікпен қамтамасыз етуді тиісті әкім жүргізеді.
      2000-5000 адамға - бастапқы дәрігерлік көмек көрсетілетін отбасылық дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі - ОДА) болуы тиіс. ОДА заңды тұлға құқығы бар дербес емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады және жан басына қарай қаржыландыру принципі бойынша қаржыландырылады.
      5000 және одан көп адамға - бекітіліп берілген ФП, ФАП, ОДА-лардың қызметін үйлестіретін, тегін кепілдік берілген шектерде білікті медициналық көмек көрсететін ауылдық аурухана (бұдан әрі - АА) болуы тиіс. Ауылдық аурухана заңды тұлға құқығына ие және емделу жағдайлары

үшін жан басы принципі бойынша қаржыландырылады.
     Әрбір аудан орталығында:
     перзентхана бөлімшесі және жедел медициналық көмек станциясы 
(бөлімшесі) бар орталық аудандық аурухана;
     барлық құрылымдық бөлімшелерімен санитарлық-эпидемиологиялық станция;
     әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емделуге арналған 
мекеме (бөлімше, кабинет) болуы тиіс.
     Әрбір облыс орталығында:
     ересектер және балалар немесе біріктірілген облыстық ауруханасы;
     қан орталығы;
     облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция;
     әлеуметтік жағдайға байланысты аурулардан емдеуге арналған мекеме 
(аурухана, диспансер) болуы тиіс.
     Әрбір аудан орталығында дәріхана, ауылдық жерлердің әрбір елді 
мекенінде ФАП, ОДА, АА-ға негізделген дәріханалық киоскілері немесе 
4000-6000 тұрғынға - дәріхана болуы тиіс. Қалалық елді мекендерде 
10000 адамға кемінде бір дәріхана.
     
     
      
   Оқығандар:      
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.