Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 сәуір N 455. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137 қаулысымен. ~P000137

Күшін жойған

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан 
Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға 
арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
1998 жылғы 26 маусымдағы N 608  

P980608_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) мынадай өзгеріс 
енгізілсін:
     аталған қаулының 1-қосымшасында:
     
"2710 00 270  Бензин 
2710 00 360                               1 тонна  50   133
              мыналардан басқа:
              Саудада жанама салықтар
              "шыққан елі" принципі
              бойынша алынатын Тәуелсіз
              Мемлекеттер Достастығына
              мүше мемлекеттерге экспорт.
              талатын бензин"             1 тонна  20    -
     
2710 00 610,  Дизель отыны
2710 00 650,
2710 00 690                               1 тонна  6     88

2709 00-ден   Газ конденсатын қоса алғанда,
              шикі мұнай                   1 тонна -     -";
     
     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     
"2710 00 270- Бензин
2710 00 360                                1 тонна 5000 теңге 133 ЕВРО

              Мыналардан басқа:
              Саудада жанама
              салықтар - "шыққан
              елі" принципі 
              бойынша алынатын,
              Тәуелсіз Мемлекеттер
              Достастығына мүше
              мемлекеттерге экс.      
              портталатын бензин            1 тонна  2000 теңге    -

2710 00 610,  Дизель отыны
2710 00 650,
2710 00 690                                 1 тонна 600 теңге      88 ЕВРО

2709 00-ден   Газ конденсатын қоса    
              алғанда, шикі мұнай           1 тонна   -             -".
     
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялауға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.М.
 Омарбекова А.Т.