"Ақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 сәуір N 440

Қолданыстағы

      Құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақпарат" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша) Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің міндетін жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы мен прокуратура органдарының жұмыс жағдайларын материалдық-техникалық және басқа да жағынан қамтамасыз ету, ғимараттарының, құрылғыларының, жабдықтарының, инженерлік жүйелерінің, көлік құралдарының, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерінің және өзге де мүлкінің пайдаланылуын жүзеге асыру болып белгіленсін.
      Кәсіпорынның өзге қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына Кәсіпорынның

 

жарғылық капиталын қалыптастыру, жарғысын бекіту және белгіленген

тәртіппен Кәсіпорынды әділет органдарында тіркеуден өткізу ұсынылсын.

     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29,

256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың

тізбесінде:

     мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 478-жолмен

толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

     478 "Ақпарат" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны

     (шаруашылық жүргізу

     құқығында)                           Астана қаласы".

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

Қобдалиева Н.М.

Омарбекова А.Т.