Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алтын әскер" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, өзін - Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган деп белгілеу туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы:
1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы және олардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің басқа да жүйелері салаларында шаруашылық қызметті, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының шет
мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен әскери-техникалық ынтымақтастығын
ұйымдастыру деп айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгіленген
тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оны әділет органында
тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі
479-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
479. "Алтын әскер" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы".
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Омарбекова А.Т.