Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 400

Қолданыстағы
      Республиканың ішкі рыноктарындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Z952688_ конституциялық заң күші бар Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Рыноктарда үстем жағдайға ие және оны бағалар мен тарифтерді негізсіз көтеру үшін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылу қуатын өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеу енгізілсін.
      2. Былай деп белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағалары туралы ақпарат тұтынушыларға тек теңгемен берілуі тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шарттар жасалғанда бағалар тек теңгемен белгіленеді;
      3) есептеу аспаптары болмаған жағдайда газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшін төлемнің мөлшері жалпы үйдегі ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталған тұрғын үйлердің осындай үлгілері (қабаты, ұзақтығы, қабырға материалы) бойынша қалыптасқан орташа жылдық тұтыну нормалары ескеріле отырып айқындалады; <*>
      4) электр қуаты мен газды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алатын және өнімді қазақстандық өндірушілерден алудың балама мүмкіншілігі жоқ аймақтарды электр қуатымен және газбен үзбей жабдықтау мақсатында, тұтынушылар үшін газ бен электр қуаты тарифтерін өзгерту ай сайын, АҚШ долларының ай ішіндегі орташа биржалық бағамының серпінінен қарай, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылына алады.
      Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.25.
               N 548 қаулысымен. P010548_
      3. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер табиғи монополияларды реттеу жөніндегі заңдарда және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ұйымдардың қызмет көрсетулеріне белгіленген бағаларға қолданылмайды.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі рыноктарда үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылуды өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны

мемлекеттік реттеудің енгізілуін қамтамасыз етсін.
     5. Министрліктер, агенттіктер және өзге де орталық атқарушы 
органдар бұрын қабылдаған нормативтік актілерін осы қаулыға сәйкес 
келтірсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Үмбетова А.