Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 сәуір N 392

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті" бөлімі мен реттік нөмірі 408-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-7-жолмен толықтырылсын:
      "25-7 "Есеп" республикалық
      мемлекеттік кәсіпорны
      (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы";
      2) <*>
      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 
 

P990207_

  қаулысына:
     аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің құрылымына:
     "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаменті" деген жол 
мынадай редакцияда жазылсын:
     "Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы басқармасы";
     "Персоналмен жұмыс істеу жөніндегі басқарма" деген жол мынадай 
редакцияда жазылсын:
     "Кадр және ұйымдастыру жұмысы департаменті";
     аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен 
толықтырылсын:
     "Есеп" республикалық
     мемлекеттік кәсіпорны".
     ЕСКЕРТУ. 1-тармағындағы 2)-тармақшасының күші жойылды - Қазақстан 
              Республикасы Үкіметінің 1999.07.23. N 1046 қаулысымен.
               

P991046_

 
     2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы 
N 790 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 1279  

P971279_

  қаулысы (Қазақстан 
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 40, 372-құжат) күшін жойды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.