Астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 сәуір N 380

Қолданыстағы
      Астық экспортының мүмкіндіктерін кеңейту және экспорттаушылардың мүдделерін қорғау, астық рыногының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кеден төлемдерінің ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 7 қарашадағы N 1479 P951479_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 441-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларында тауарлардың сақталғаны үшін кеден алымы" деген жолдар "СЭҚ ТН (ТМД) коды 1001-1109 тауарлардан басқасы тәулігіне тауардың кедендік құнының 0,2% деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі,

Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, Ұлттық 
Банкі (келісім бойынша), Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 
(келісім бойынша) бір ай мерзім ішінде элеваторлардың астық қолхаттарын 
кепіл құжаты ретінде пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны енгізудің 
мүмкіндігін қарасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісілген 
ұсыныс енгізсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.