Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және астық өндірісінің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 P980998_ қаулысына сәйкес сатып алынған астық өнімдерін өткізуден қайтарылған қаражаттың есебінен 1999 жылдың қазан-желтоқсанында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен нарықтық әділ бағамен 1 миллион тоннаға дейін астық сатып алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, бір ай мерзім
ішінде астық сатып алудың тәртібі мен шарттарын дайындап, белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.