"Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебі" мемлекеттік мекемесін құру мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 наурыз N 309

Қолданыстағы
      Әскери білім жүйесін одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің N 1 Ақмола техникалық лицейін тарату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға, сондай-ақ күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған орта оқу орны ретіндегі "Генерал С.Ұ.Нұрмағамбетов атындағы республикалық "Жас ұлан" мектебі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Жас ұлан" мектебі) құрылсын.
      3. Ақмола облысының әкімі 1999 жылдың 1 маусымына дейін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп таратылатын N 1 Ақмола техникалық лицейінің жабдықтары мен оқу-материалдық базасынан басқа үйлерін, ғимараттарын және объектілерін жедел басқару құқығында "Жас ұлан" мектебіне берсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) бір айлық мерзім ішінде "Жас ұлан" мектебі туралы ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын;
      2) "Жас ұлан" мектебінің құрылымын бекітсін;
      3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен бірлесіп оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларын әзірлесін;
      4) "Жас ұлан" мектебін оқу қару-жарақтарымен, техникамен және өзге де әскери-техникалық мүлікпен қамтамасыз етсін, сондай-ақ "Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған жабдықтау нормаларын әзірлесін, оларды үлестің барлық түрлерімен қамтамасыз етсін;
      5) "Жас ұлан" мектебін жайластыруға (объектілер салуға), жабдықтауға, жарақаттандыруға және ұстауға арналған шығыстардың сметасын дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;
      6) "Жас ұлан" мектебінде оқу процесін 5-9-сыныптардың оқушыларын қабылдауды жүзеге асыра отырып, 1999 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ұйымдастырсын, одан әрі тәрбиеленушілерді қабылдауды 5-сыныптан бастап жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) 1999 жылдың 1 маусымына дейін мерзімде Ақмола облысының әкімімен бірлесіп N 1 Ақмола техникалық лицейінің оқушыларын одан әрі оқу үшін басқа оқу орындарына бөлуді және ауыстыруды жүргізсін;
      2) "Жас ұлан" мектебін қажетті оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен қамтамасыз етсін;
      3) "Жас ұлан" мектебін сыныптық-лабораториялық базамен, спорт мүліктерімен, тренажерлермен, сондай-ақ басқа да жабдықтармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсін;
      4) Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу мекемелерінде "Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушілерін медициналық қамтамасыз етудің тәртібі мен ұйымдастырылуын айқындасын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Жас ұлан" мектебін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласын 1999 жылы дамыту туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 161 қаулысына сәйкес бөлінетін ақша қаражатынан және оны ұстауға арналған сметаға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      7. Ақмола облысының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп "Буревестник" сауықтыру-еңбек лагерін және оның аумағының маңындағы 10 гектар мөлшеріндегі жер учаскесін (Целиноград ауданы) жедел басқару құқығында "Жас ұлан" мектебіне берсін;
      2) Астана қаласының әкімімен келісім бойынша N 1 Ақмола техникалық лицейінің жатақханасында тұратын адамдар үшін тұрғын үй қорын бөлуді қарастырсын немесе оны 1999 жылдың 15 шілдесіне дейін босатып оларды басқа жатақханаға ауыстырсын.
      8. Астана қаласының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп N 72 балалар бақшасының үйін, құрылыстарын және материалдық-техникалық базасын жедел басқару құқығында "Жас ұлан" мектебіне берсін;
      2) 1999 жылдың 1 мамырына дейін N 23 орта мектептің N 72 балалар

бақшасына орналасқан бастауыш сыныптарын басқа үй-жайға ауыстырсын;
     3) "Жас ұлан" мектебі орналасқан ауданнан оның объектілерін 
орналастыру үшін жер учаскелерін бөлсін;
     4) "Жас ұлан" мектебінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында 
қамқорлыққа алу жұмысын ұйымдастырсын.
     9. Осы қаулы жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі


    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Омарбекова А.