"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 наурыз N 288

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 қыркүйектегі N 880 P980880_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің әкімшілік ғимаратын басқару базасында, оның негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленіп, "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір айлық мерзім ішінде:
      оған жарғылық мақсатын жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік

 

мүлік объектілерін қоса отырып, Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын;

     Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

     қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес Кәсіпорынды

мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай

толықтырулар енгізілсін:

     1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 265-құжат):

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 106-1 тараумен

және жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасының

     Әділет министрлігі

     106-1  "Қазақстан Республикасы Астана қаласы".

     Әділет министрлігінің шаруашылық

     басқармасы" республикалық

     мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық

     жүргізу құқығындағы)

     2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері"

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 қазандағы

N 1473 


P971473_


  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N

47,

440-құжат):

     көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық

басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

құқығындағы)".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Оқығандар:

        Омарбекова А.

        Нарбаев Е.