Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 278

Қолданыстағы
      Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1-4. <*>
      Ескерту. 1-4 тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.12.14. N 1917
               қаулысымен. P991917_
      5. Құпия.
      6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 156 P990156_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қару-жарақты, қорғаныстық және екіұдай мақсаттағы өнімді экспорттық-импорттық беру, кері экспорттау және транзиттеу мәселелері жөніндегі қаулыларының жобаларын әзірлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақты, әскери өнімді және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі үкіметтік комиссия жүзеге асырады.

     Аталған қаулылардың жобаларын келісу және енгізу мәселелері осы 
Үкіметтік комиссия туралы ережеде айқындалады".
     8. 
<*>
 
     Ескерту. 8-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.12.14. N 1917      
              қаулысымен.  

P991917_

  
     9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер 
мен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" 
республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1771  

P971771_

  қаулысына:
     атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер 
"Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2)
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10. 
              N 1039 қаулысымен.  

P001039_

 
     10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     


                                            Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278 қаулысына 1-қосымша


     Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақтың
  әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты
               жөніндегі үкіметтік комиссияның
                          Құрылымы
     
     Балғымбаев Нұрлан       - Қазақстан Республикасының 
     Өтепұлы                   Премьер-Министрі, төраға
     
     Тілеубердин Алтай       - Қазақстан Республикасының 
     Абылайұлы                 Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,
                               төрағаның орынбасары
     
     Елубаев Бауыржан        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Ысқақұлы                  қауіпсіздік комитеті төрағасының
                               орынбасары (келісім бойынша)
     
     Алтынбаев Мұхтар        - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
     Қапашұлы                  министрі
     
     Тоқаев Қасымжомарт      - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Кемелұлы                  істер министрі
     
     Кәкімжанов Зейнолла     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
     Халидоллаұлы              кіріс министрі
     
     Әблязов Мұхтар          - Қазақстан Республикасының Энергетика,
     Қабылұлы                  индустрия және сауда министрі
     
     
     
         
    
  Оқығандар:
 Омарбекова А.  
 Қобдалиева Н.