Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 наурыз N 270

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Кәсіпорынның негізгі міндеттері ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын сынау және қорғау, сорттық ресурстарды жетілдіру және өндіріске енгізу үшін жаңа перспективалы сорттарды көбейту жөніндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір айлық

 

мерзім ішінде:

     1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.

     5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

     жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-3 жолмен

толықтырылсын:

     "44-3.   "Селекциялық жетістіктерді       Алматы қаласы".

              сынау және қорғау"

              республикалық мемлекеттік

              кәсіпорны (шаруашылық

              жүргізу құқығында)


     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


  Оқығандар:    

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.