1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 P990068_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының атқарушы дирекциясы;".
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 қыркүйектегі N 1112 P961112_ қаулысы;
2) "Салық қызметі органдарын әлеуметтік дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1205 P971205_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 35, 327-құжат); 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 мамырдағы N 403-31қ қаулысы; 4) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 ақпандағы N 117 P990117_ қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.