1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі жұмысын бақылайтын және тексеретiн консультативтік-кеңесші органдар - тәртіптік кеңестер құрсын; <*>
2) тәртіптік кеңестер туралы ережелерді бекітсін және олардың құрамдарын қалыптастырсын;
3) тәртіптік кеңестердің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық және
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешсін. ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен. P010206_ 2. Қоса беріліп отырған облыстың Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестері туралы үлгі ереже бекітілсін. 3. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы тәртіптік кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1547 P971547_ қаулысының күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 48, 448-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 қаулысымен бекітілген Q990218_
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының
тәртіптік кеңестері туралы
Үлгі ереже
Осы Үлгі ереже облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
1. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның жұмысын мемлекеттiк тәртiптi нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мәселелерiн қарайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгі (бұдан әрi - Агенттiк) бақылайды және тексередi. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, осы Yлгi ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтiлiк пен әдiлдiк қағидаттарын басшылыққа алады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
3. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) D және Е санаттары тобындағы әкімшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi, қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiн, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарды, өзге де адамдарды және оларға теңестiрiлген адамдарды жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына жол берген өзге де ұйымдарда тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсынымдарды тиiсiнше облыстың, Астана және Алматы қалаларының, өзге де әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң, жергілiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдар басшыларының қарауына енгiзу. <*>
2) <*>
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегінде мемлекеттiк тәртiптi нығайту осы тармақтың 1) тармақшасында санамаланған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауы жөнiнде әкiмге және жергіліктi атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларына арналған ұсыныстар әзiрлеу; <*>
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, бұзу фактілері туралы азаматтардың арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, сондай-ақ өзге де көздерден алынған ақпаратты қарау; <*>
5) Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тәртіпті нығайтуға және бағытталған ұсыныстар енгізу; <*>
6) Агенттiктiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн тексерулер өткiзу және материалдар дайындау. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
4. Кеңесті әкім құрады, ол төрағадан және мәслихат депутаттары мен жергілікті жұртшылықтың беделді өкілдері болып табылатын 6 Кеңес мүшесінен тұрады.
Кеңес төрағасын Агенттік төрағасының келісімімен әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ол облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары лауазымына теңестіріледі. <*>
Кеңестің хатшылығы - оның жұмысшы органы болып табылады, ол әкім аппараты қызметкерлерінің жалпы санының есебінен құрылады. Хатшылықтың санын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының ұсынуы бойынша әкім белгілейді.
Хатшылық қызметкерлерін тиісті Кеңес төрағасының келісімімен әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеңестің төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
5. Кеңес төрағасы:
1) әкімнің қарауына Кеңестің жеке құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді, Кеңес хатшылығының аппаратын қалыптастырады;
2) Кеңес қызметіне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
3) Кеңес отырыстарының күн тәртіптерін белгілейді;
4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның тапсыруымен отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
5) Кеңес мүшелерінің арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
6) Агенттіктің алдында кеңес жұмысының нәтижелері туралы, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар туралы ай сайын есеп беріп отырады; <*>
7) жарты жылда бір рет Кеңес жұмысының нәтижелері туралы әкімді хабардар етеді;
8) Кеңестің бекітуіне Агенттікпен келісілген өз жұмысының Регламентін ұсынады; <*>
8-1) Агенттiктiң мемлекеттік қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты мәселелер жөнiндегі тапсырмаларын орындайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
6. Кеңес отырыстары:
1) егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды болып есептеледі;
2) қажеттігіне қарай, бірақ екі айда бір реттен сиретпей өткізіледі;
3) ашық өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер мәселелерді қарау мемлекеттік құпияларға қатысты болса, Кеңес төрағасының шешімімен және Агенттiкпен келiсiм бойынша жабық өткізілуі мүмкін. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
7. Кеңес шешімдерді қатысып отырған Кеңес мүшелердің қарапайым көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
8. Кеңес өз құзыретінің шегінде:
1) өз отырыстарында жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарының, олардың бөлімшелерінің және мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лауазымды адамдарын тыңдауға; <*>
2) жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан өзінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратуға;
3) мемлекеттік қызметтегі немесе мемлекеттік функцияларды атқаратын тиісті лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
4) жергіліктi мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларынан лауазымды адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзу фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтiк тергеулердi өткiзудi талап ету; <*>
5) тексерулерге қатысу және қорытындылар беру үшін беделді, кәсіби даярлығы бар жергілікті жұртшылық өкілдерін, мемлекеттік органдар қызметкерлерін штаттан тыс инспекторлар, сарапшылар және мамандар ретінде тартуға құқылы;
6) Агенттiктiң аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлық терiс қылықтарын қарау мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды жүзеге асыру. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
9. Кеңес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарда қалалар, аудандар, аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар әкiмдерiне; D және Е санаттары тобындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттiк берiлген өзге де адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
10. Кеңес Агенттіктің тапсырмаларын, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мүшелерінің, Кеңес хатшылығы қызметкерлерінің тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауы не оны жүргізудің қорытындылары туралы Кеңес алдында міндетті есеп беруді жүктеп, уәкілетті органға немесе лауазымды адамға тапсыруы мүмкін.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік іс, ол іс жүргізуге қабылданған күннен бастап үш апта мерзім ішінде Кеңесте қаралуға тиіс. <*>
Тәртіптік істі қозғауға және оны Кеңес отырысында қарауға дейін іске қатысты жағдайлар мен мәліметтерге алдын-ала екi апталық мерзімде тексеру жүргізіледі, тәртіптік жауапқа тартылып отырған адамнан жазбаша түсініктеме алынады, ал Кеңес отырысында тәртіптік істің қаралуы, әдетте, оның қатысуымен өтеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
12. Тәртіптік істі қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мына шешімдердің біреуін шығаруы мүмкін:
1) әкімге, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мәслихат аппаратының басшысына лауазымды адамға тиісті тәртіптік жаза қолдануды ұсыну; <*>
2) жергілiктi атқарушы немесе құқық қорғау органының басшысын, сондай-ақ оның орынбасарларын тәртіптік жауапқа тарту туралы жоғары тұрған органға ұсыныс жасау, Агенттікті хабардар ету; <*>
3) тәртіптік іс материалдарын, мәнісіне қарай шешім қабылдауы үшін, құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қарауына жіберу;
4) тәртіптік істі тоқтату.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
13. Мемлекеттік қызметші әрекеттерінде қылмыс белгілері болған жағдайда, бұл қызметшіні белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапқа тарту үшін, Кеңес тиісті құжаттар мен материалдарды облыстың, Астана және Алматы қалаларының прокурорына жібереді. Материалдар мен құжаттардың прокурорға жіберілгені туралы Кеңес Агенттікті хабардар етеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
14. Кеңес қабылдаған шешіммен келіспеген мемлекеттік қызметші және осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген өзге де адамдар оған, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiкке немесе сотқа шағымдануға құқылы. <*>
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206
қаулысымен. P010206_
14-1. Мемлекеттiк қызметшi жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн оны тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы Кеңестiң шешiмiмен келiспеген жағдайда, ол Агенттiкке жазбаша түрде шағымдануға құқылы.
Мемлекеттiк қызметшiнiң Кеңестiң шешiмiне шағымы ол келiп түскен
сәттен бастап бiр айлық мерзiмде Агенттiктiң қарауына жатады. Мемлекеттiк қызметшiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша Агенттiк Кеңестiң шешiмiн бұзады, не шешiмдi өзгерiссiз қалдырады. <*> ЕСКЕРТУ. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.08. N 206 қаулысымен. P010206_ 15. Кеңес қызметінің тәртібін, соның ішінде тәртіптік істерді қарау тәртібін тиісті Кеңестің Регламентінде белгіленеді. 16. Кеңестің және оның хатшылығының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету облыстың, Астана және Алматы қалаларының тиісті бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.