Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 наурыз N 186

Қолданыстағы
      Фосфор өндірісінің қалпына келтіріліп жатқан кәсіпорындарын қолдау және сары фосфордың экспортына лицензиялар беру рәсімдерін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж. N 29, 266-құжат)

мынадай толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға "Экспорты лицензия бойынша жүзеге асырылатын 
тауарлардың тізбесі" деген 4-қосымшада:
     "Есірткілік және ақыл-естен айыратын заттар, улар" деген бесінші жолда:
     2-бағандағы "тізбе бойынша" деген сөздерден кейін "сары фосфордан 
басқа. СЭҚ ТН коды 280470000" деген сөздермен толықтырылсын;
     1, 2 және 3-бағандар мынадай мазмұндағы алтыншы жолмен толықтырылсын:
     "Сары фосфор             280470000    Табиғи ресурстар
                                           және қоршаған
                                           ортаны қорғау
                                           министрлігі".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
  Оқығандар:
 Қобдалиева Н.     
 Икебаева А.