Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 26 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 1 наурыз N 183

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Президентінің инаугурациясы жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы" 1999 жылғы 18 қаңтардағы N 26 P990026_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 

резервтік қорынан" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкіметінің

резервінен 38124 мың (отыз сегіз миллион жүз жиырма төрт мың) теңге

мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.