Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Конденсат" акционерлік қоғамына Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кешенінен Қарашығанақ мұнай-газ кен орны мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы Түпкілікті келісімнің негізінде төленетін, өнімдерді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі есебінен тұрақсыз газ конденсатын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қазандағы N 1080 P981080_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі "Қазақойл" мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамымен бірлесе отырып:";
1) тармақшадағы "Қазақойл" ҰМК-сының және Келісім бойынша Мердігерлерінің келісімімен, оның барлық талаптарын сақтай отырып", "Негізгі келісімді әзірлесін" деген сөздер "Конденсат" акционерлік қоғамымен бірлесе отырып және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен 1999 жылдың 20 наурызына дейінгі мерзімде Келісімде көзделген тәртіп пен талаптарда Шартты әзірлеуді
және қол қоюды қамтамасыз етсін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "Негізгі келісімде" деген сөздер "Жоғарыда
аталған Шартта" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі